«Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК «Құқық негіздері» пәнінің оқытушысы О. Н. Архипова 1-курс студенттеріне арналған «Заң және құқықтық тәртіп»атты тақырыбында құқықтық ойын өткізді. Ойынға «Фемида» және «Әділдік» командалары қатысты.
Іс-шараның мақсаты: студенттердің құқықтық мәдениеті мен жауапкершілік сезімін қалыптастыру, негізгі құқықтық ұғымдарды ойын арқылы бекіту, өмірлік жағдаяттарға заң тұрғысынан қарау дағдыларын дамыту.
Ойын барысында келесі кезеңдер қамтылды:
«Түсініктер лабиринті» – қатысушылар құқықтық терминдерді тиісті анықтамалармен сәйкестендіріп, негізгі ұғымдардың мағынасын түсіндірді.
«Құқықтық есептер» – топтар жағдаяттық тапсырмаларды шешіп, дұрыс құқықтық әрекет алгоритмін таңдады.
«Төрт жауаптың бірі» – төрт нұсқасы бар тест сұрақтарына жауап беретін блиц-тур өткізілді.
«Адвокаттық кеңсе» – рөлдік тапсырмалар орындап, студенттер «адвокат» рөлінде ойдан құрастырылған даулы жағдайларда өз ұстанымдарын дәлелдеп қорғады.
«Құқықтық әліпби» – қорытынды кезеңде білім алушылар құқыққа қатысты сұрақтарға жауап беріп, «әліпби» бойынша әріптен әріпке жылжыды.
Құқықтық ойын мазмұнды әрі белсенді түрде өтіп, студенттердің топпен жұмыс істеу қабілетін, құқық негіздері бойынша білімдерін және заңдылық пен құқықтық тәртіпке деген қызығушылығын арттырды.


